Лемьенің бапкері: Абель Санчестің не дегенінде шаруам жоқ

Лемьенің бапкері: Абель Санчестің не дегенінде шаруам жоқ
Фото: vesti.kz

Канадалық боксшы Давид Лемьенің бапкері Марк Рэмси BoxingScene.com басылымына берген сұхбатында Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчестің айтқан сөздеріне жауап қатты, – деп хабарлайды nur.kz bnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Абель Санчестің не дегенінде шаруам жоқ. Өйткені, шаршы алаңда Абель Санчес пен Марк Рэмси емес, Геннадий Головкин мен Давид Лемье кездескелі жатыр. Мейлі, ол Головкиннің IQ-і жоғары десін, алайда жекпе-жектен кейін бәріңіздің де пікіріңіздің өзгеретініне сенімдімін», – дейді Рэмси.

Айта кету керек, Абель Санчес ақпарат құралдарына берген соңғы сұхбатында Головкиннің алғаш рет өте мықты боксшымен кездескелі жатқанын айтқан болатын.

«Геннадий карьерасында алғаш рет өзіне лайық қарсылас тапқанына қуанып отыр. Давид Лемье Головкинге 12 раундтық жекпе-жектің соңына дейін қарсылық көрсете алатын боксшы», – дейді Санчес.

Естеріңізге салақ, Головкин мен Лемье арасындағы жекпе-жек 17 қазан күні Нью-Йорктегі Madisson Square Garden аренасында өтеді. АҚШ-та бұл кездесу ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетіледі. Ал қазақстандықтар бокс кешін «Қазақстан» ұлттық арнасынан тамашалай алады.

М. Бисембаева