Қазақстандықтар бокстан әлем чемпионатын тікелей эфирде көре алады

Қазақстандықтар бокстан әлем чемпионатын тікелей эфирде көре алады
Фото: kfb.kz

Катар астанасы Дохада бокстан әлем чемпионаты ресми түрде ашылды. Бүгін жарыстың бірінші күніндегі жекпе-жектер өтеді. Қазақстандықтар Рио Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынатын доданы «Қазақстан» және «KazSport» арналары тікелей эфирде көрсетеді.

- «Қазақстан» ҰТА мен «Kazsport» телеарнасы бокстан өтетін әлем чемпионатын 6 қазан күні басталатын алғашқы айналым сындарынан бастап ақтық сындар өтетін 15-ші қазанға дейін толығымен көрсетеді, - деп хабарлады ұлттық арнаның баспасөз қызметі.

Алғашқы айналым сындары мен ширек финалдық кездесулер «Kazsport»телеарнасының эфиріне жоспарланған. Ал жартылай финалдық және финалдық жекпе-жектерді көрермендер «Қазақстан» ұлттық арнасының тікелей эфирінен көре алады.

Бірінші айналымдағы жеребе қорытындысы:

52 келі. Бірінші айналым. Олжас Сәттібаев - Игорь Сапинский, Украина

56 келі. Екінші айналым Қайрат Ералиев - Мироджан Ахмадилов,Өзбекстан/Франческо Маиетто, Италия

60 келі. Закир Сафиуллин - Адиан Абдрашидов, Ресей

69 келі. Данияр Елеусінов - Павел Кастрамин, Бразилия/Яширо Сузуки, Жапония

75 келі. Жәнібек Әлімханұлы - Кананхокруие, Тунис/Мишель Родригес, Мексика

81 келі. Әділбек Ниязымбетов - Еркін Әбілбекуулы, Қырғызстан/Алаа Гохсон, Сирия

91 келі. Василий Левит - Хуан Гонсалес, Бразилия/Абоухамед, Марокко

+91 келі. Иван Дычко - Патрик Маилата, Жаңа Зеландия/Рафаэль Лима, Бразилия

Олжас Сәттібаев пен Закир Сафиуллин ғана әлем чемпионатын бірінші кезеңнен бастайды. Өзге боксшылар екінші кезеңнен бастап шаршы алаңға шығатын болады.

«KazSport» арнасындағы көрсетілім кестесі:

6 қазан

17:00 - Іріктеу. Бірінші күн. І кезең. Тікелей эфир
22:00 - Іріктеу. Бірінші күн. ІІ кезең. Тікелей эфир

7 қазан
08:40 - Іріктеу. Бірінші күн. ІІІ кезең.
11:50 - Іріктеу. Бірінші күн. IV кезең.
17:00 - Іріктеу. Екінші күн. І кезең. Тікелей эфир
22:00 - Іріктеу. Екінші күн. ІІ кезең. Тікелей эфир

8 қазан

10:35 - Іріктеу. Екінші күн. ІІІ кезең.
14:30 - Іріктеу. Екінші күн. ІV кезең.
17:55 - Іріктеу. Үшінші күн. І кезең. Тікелей эфир
22:00 - Іріктеу. Үшінші күн. ІІ кезең. Тікелей эфир
00:30 - Іріктеу. Үшінші күн. І кезең.нің жалғасы

9 қазан

10:40 - Іріктеу. Үшінші күн. ІІІ кезең.
13:50 - Іріктеу. Үшінші күн. ІV кезең.
18:00 - Іріктеу. Төртінші күн. І кезең. Тікелей эфир
22:00 - Іріктеу. Төртінші күн. ІІ кезең. Тікелей эфир

10 қазан

10:15 - Іріктеу. Төртінші күн. ІІІ кезең.
13:30 - Іріктеу. Төртінші күн. ІV кезең.
20:00 – Жартылай финал. І кезең. Тікелей эфир
22:00 – Жартылай финал. ІІ кезең. Тікелей эфир
00:30 – Жартылай финал. І кезеңнің жалғасы

Толық кесте алдағы уақытта шығатын болады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының бокстан барлық әлем чемпионаттарындағы жүлделерінің саны - 32. Оның оны алтын, сегізі күміс, он төртеуі қола. Әзірге Куба, Ресей, бұрынғы КСРО, АҚШ елдерінен кейін бесінші орында келеміз. Дохадағы додада бұл нәтижеміз жаңара түседі деген сенімдеміз. Ел намысын қорғайтын күрзі жұдырықты оғландарға тек жеңіс тілейміз!  

Ақпаратты орыс тілінде vesti.kz cайтынан оқи отырыңыздар. 

Ө. Сансызбай