Катарда өтетін әлем чемпионатының нақты уақыты белгіленді

О Сансызбай Корреспондент
Катарда өтетін әлем чемпионатының нақты уақыты белгіленді
Фото ©️ gazeta.ru

Футболдан 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатының нақты уақыты белгіленді. Бұл туралы ФИФА ресми сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығы (ФИФА) бүгін Цюрихте кезекті отырысын өткізіп, Катарда өтетін әлем чемпионатының уақытын белгіледі. Дүбірлі дода 2022 жылдың 21 қарашасы мен 18 желтоқсаны аралығында өтетін болып бекітілді.

Әдетте, әлем чемпионаты жаз мезгілінде өтетіні баршаңызға белгілі. Бірақ, Катарда жаз мезгілі тым қатты ыстық болады. Тіпті Арабия түбегінің шығысында орналасқан елде ауа температурасы жаз мезгілінде +50 градусқа дейін жетеді. Мұндай аптап ыстық әлем чемпионаты барысында футболшылардың денсаулығына қауіп төндіреді дейді мамандар. Сондықтан да ФИФА басшылары 2022 жылғы біріншілігін қыста өткізу туралы тоқтамға келіпті. Ал финалы 18 желтоқсанға жоспарланған. Бір қызығы, әлем чемпионатының өту мерзімі де аз болайын деп тұр. 28 күнге созылатын әлем чемпионаты «мундиаль» тарихындағы қысқа мерзімде өтетін алғашқы дода болмақ.