Флойд Мейвезер бокспен қош айтысты

Флойд Мейвезер бокспен қош айтысты
Фото: www.official-boxing.com

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы Grand Garden Arena алаңында кәсіпқой бокстан сенбі күні кешке өткен 12 раундтық жекпе-жекте америкалық кіші Флойд Мэйвезер өз отандасы Андре Бертодан басым шықты. Төрешілер жеңісті Мэйвезерге беруді бірауыздан ұйғарған, - деп жаза\ды azattyq.org сайты.

Осылайша Мэйвезер WBA және WBC дәрежелері бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы атағын қорғап, оған қоса бір кездегі әйгілі америкалық боксшы Рокки Марчианоның рекордын қайталады – екеуі де 49 жекпе-жектің барлығын жеңіспен аяқтап, бірде бір рет жеңіліп көрмеген.

38 жастағы Флойд Мэйвезер биыл мамыр айында филлипиндік Мэнни Пакьяомен 12 раундтық кездесуде де жеңіске жеткен болатын.

Бұған дейін Бертомен жекпе-жектен кейін үлкен спортпен қоштасатынын айтқан Мэйвезер сенбі күні жеңісінен соң рингтен біржолата кететінін тағы мәлімдеген.

@. @assel_assanova