Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы екінші алтын медальға ие болды (видео)

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы екінші алтын медальға ие болды (видео)
Фото: sk-sport.kz

Ауыр атлетикадан Таиландтың Пхукет қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны екінші алтын медальмен толықты. 85 келіге дейінгі салмақта Ермек Өміртай Азия чемпионы атанды.

Ермек Өміртай қоссайыс қорытындысы бойынша 364 келіні (161+203) бағындырды. Күміс отандасымыздан 1 келі аз көтерген «аспан асты елінің» спортшысы Сун Вейге бұйырса, қоланы кореялық Лим Юнг Чул (359 келі) қанағат тұтты.

85 келіге дейінгі салмақта Ермек Өміртайдан өзге Семен Линдер де жүлдеге таласқан болатын. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша төртінші орынға ие болды. Жұлқа көтеруде 166 келіні басынан асырған отандасымыз кіші алтын медальды жеңіп алды.

Айта кетейік, бүгін ерлер арасында 77 келіге дейінгі салмақта Айдар Қазов Азия чемпионы атанған болатын. Ал оған дейін қыздар арасында Әсем Садықова мен Фаина Сиванбаева қола жүлдегер атанған еді.

Ақпаратты орыс тілінде vesti.kz сайтынан оқи отырыңыздар.

Ө. Сансызбай