«Қайрат» әлем чемпионатында екінші жеңісіне жетті

«Қайрат» әлем чемпионатында екінші жеңісіне жетті
Фото: kairat-futsal.kz

Футзалдан Алматының «Қайрат» командасы Бразилияның Эрешин қаласында өтіп жатқан клубтар арасындағы әлем чемпионатын сәтті өткізуде. Қазақстандық клуб екінші ойынында Египеттің «Миср Лел Макаса» клубын 6:2 есебімен ойсырата ұтты.

«Қайрат» футзал клубы бірінші ойында Бразилияның «Атлантико Эрешин» клубын 4:0 есебімен тізе бүктірген еді. Екінші ойында Египеттен келген клубты айқын басымдықпен ұтты. Алматылық ұжым сапынан Диего Ронкальо, Шыңғыс Есенаманов, Баптиста Лукаян, Михаил Першин мен Дәурен Нұрғожин гол соқты. Қарсыластар сапынан Дос Сантос Жоан мен Нуньес гол авторлары атанды.

Айта кетейік, Бразилиядағы додаға әлемнің 6 үздік футзал клубы қатысуда.

Ө. Сансызбай