Кукушкин US Open турнирінің үшінші айналымына өтті

Мақпал Бисембаева Корреспондент
Кукушкин US Open турнирінің үшінші айналымына өтті
Фото ©️ tn.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин US Open турнирінің үшінші айналымына өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

БӨЛІСУ

Екінші айналымда қазақстандық теннисшінің қарсыласы болгариялық Григор Димитров болды. Ойын үш сағатқа созылып, Кукушкиннің жеңісімен аяқталды. Есеп 3:6, 6:7(2), 6:2, 6:4, 4:6 болды.

Айта кетейік, Кукушкин әлемдік рейтингте 56-шы орында, ал Димитров 17-ші орында тұр. US Open турнирінің үшінші кезеңінде қазақстандық спортшы Хорватия теннисшісі Марин Чиличпен кездеседі.