Қазақстандық 6 боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстандық 6 боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Фото: confederation.kz

Бокстан Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына 6 қазақстандық боксшы шықты. Ал 60 келіге дейінгі салмақта Закир Сафуиллин кешкі бағдарламада жұдырық түйістіреді.

Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатын сәтті өткізуде. Кеше жартылай финалға Василий Левит (91 келі) пен Қайрат Ералиев (56 келі) шықса, бүгін Олжас Сәттібаев (52 келі), Данияр Елеусінов (69 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі) пен Иван Дычко (91 келі) жеңісті жолды жалғады. Ал әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен «Astana Arlans» клубының боксшылары Самат Башенов және Теміртас Жүсіпов жарысты ерте аяқтап, жүлделі орыннан көріне алмады.

Айта кетейік, бокстан Қазақстан құрамасы сары құрлықта алдыңғы қатарлы елдердің бірі. 2013 жылы Иордания астанасы Амманда өткен Азия чемпионатында сегіз боксшымыз финалға шығып, жетеуі чемпион атанған болатын.

Ө. Сансызбай