Дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан командасы Аустралия құрамасын айқын басымдықпен жеңді

Қарлыға Бүйенбай Корреспондент
Дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан командасы Аустралия құрамасын айқын басымдықпен жеңді
Фото ©️ http://kaz.tengrinews.kz/

Дзюдодан Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы бірінші кезеңнен өтті, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

БӨЛІСУ

Құрамында Ғабит Есімбетов (66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде), Дастан Ықыбаев (73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде), Әзиз Қалмақанұлы (81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде), Самат Есенов (90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде) және Ержан Шынкеев (90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде) бар Қазақстан құрамасы Аустралияны 5:0 есебімен жеңді.