«Қайрат» - «Бордо» кездесуінің ең үздік сәттері (фото)

О Сансызбай Корреспондент
«Қайрат» - «Бордо» кездесуінің ең үздік сәттері (фото)
Фото ©️ massaget.kz

«Қайрат» Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде Францияның «Бордо» клубына жол берді. Қос ойын қорытындысы бойынша 2:2 нәтижесі тіркелгенмен, Вилли Саньоль шәкірттерінің Алматыда соққан голы шешуші рөлді атқарып кетті. Ал біз сіздерге ойынның ең үздік сәттерінен фоторепортаж ұсынамыз.

БӨЛІСУ

«Қайрат» алаңға маусымдағы негізгі құраммен шықты.

Командалар қол алысып, ойынды бастап кетті.

Владимир Вайсс шәкірттерінің алғашқы шабуылы-ақ нәтиже сыйлады. Ямбере өз қақпасына гол соғып алды.

Стадионға жиналған жанкүйерлер алматылық клубқа барынша қолдау білдірді.

«Қайрат» жанкүйерлері арасында «Бордо» командасын қолдаушылар да отырды.

«Қайраттың» жиі шабуылы қонақтарды сәт сайын мазалаумен болды.

Бірінші таймда қазақстандық клуб бір доп басымдығымен жеңіп шықты.

Екінші таймдағы «Бордо» қақпасы алдындағы қарбалас. 

Жанкүйерлер «Қайратқа» барынша қолдау білдірді.

66 минутта Исламбек Қуат есепті 2:0-ге жеткізгенде жанкүйерлер мен клуб ойыншыларының қуанышында шек болмады.

Алайда қуаныш ұзаққа созылмады. 10 минуттан кейін «Бордо» ойыншысы Энцо Кривелли есепті қысқартып, сырт алаңдағы маңызды голды соқты.

Кейінгі уақытта Гоу гол соғуға сан рет ұмтылғанмен, нәтиже шықпады.

«Бордо» ойыншылары қажетті нәтижені сақтап қалу үшін барын салды.

Тіпті сәт сайын уақыт өткізудің жолын іздеумен болды.

Төреші ысқырығы шалынып, «Бордо» топтық кезеңге өтті.

«Қайрат» ойыншылары да жанкүйерлеріне алғыстарын білдірді.

Жанкүйерлер де командаларына қолдауын соңғы сәтке дейін білдірді.