Қазақстандық муайтайшылар әлем чемпионатынан олжалы оралды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық муайтайшылар әлем чемпионатынан олжалы оралды
Фото ©️ muaythai.kz

Муайтайдан Таиландта өткен әлем чемпионатынан Қазақстан ұлттық құрамасы олжалы оралды. Еліміздің намысын қорғаған 24 спортшының 18-і жүлдегерлер қатарынан көрінді.

БӨЛІСУ

Таиландтағы әлем чемпионаты Қазақстан құрамасы үшін табысты өтті деуге негіз бар. Шешуші шайқасқа 8 бірдей қазақстандық спортшы шықты. Алайда 13 жасар Мақсат Дүйсенғали ғана финалда қарсыласынан басым түсті. Қалғандары күміс медальды қанағат тұтты. 11 отандасымыз қола жүлде жеңіп алды.

Күміс медальды Абдурасул Мачжон (12-13 жас, 36 келі), Катрин Вечкутина (16-17 жас, 48 келі), Жәнібек Қанатбаев (16-17 жас, 63,5 келі), Николай Самсуев (16-17 жас, 67 келі), Вадим Борк (14-15 жас, 42 келі) және Владислав Голошубов (14-15 жас, 51 келі) иеленді. Ал Әбдібек Пернехан (16-17 жас, 48 келі), Дмитрий Зуев (16-17 жас, 51 келі), Анатолий Соломкин (16-17 жас, 54 келі) үшінші орыннан көрінді. Ал жасөспірімдер арасында «Б» санаты бойынша Абылай Құралбаев (48 келі), Райымбек Сембек, «А» санатында Рауан Қалдыбаев (51 келі), Ілияс Мусин (54 келі), Ишан Галиев (57 келі), Әбіл Галиев (60 келі), Жансерік Әміржанов (67 келі) және Николай Гусниев (91 келіден жоғары) үшінші орынды қанағат тұтты.

13 жастағы чемпион - Мақсат Дүйсенғали