«Астана» топтық кезеңде қай клубтармен ойнауы мүмкін?

«Астана» топтық кезеңде қай клубтармен ойнауы мүмкін?
Фото: vk.com

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан барлық клубтар белгілі болды. Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында жеребе тастау рәсімі өтеді. Жеребе қорытындысы бойынша, тұңғыш қазақ футболы тарихында топтық кезеңге өткен «Астананың» қарсыластары анықталатын болады.

Еуропаның басты бәсекесінің топтық кезеңінде 32 клуб бақ сынайды. Оның 22-сі доданы бірден топтық кезеңнен бастаса, қалған 10 клуб іріктеу кезеңінен кейін барып қана қосылады. Бүгін өткен плей-офф ойындарының қорытындысы бойынша 32 клуб толықтай белгілі болды.

Топтық кезеңдегі клубтар төрт себетке бөлінді. Бір себеттегі клубтар бір топқа түсе алмайды. Елордалық «Астана» төртінші себетке орналасты.

Бірінші себет: «Барселона», «Челси», «Бавария», «Ювентус», «Бенфика», «Пари Сен-Жермен», «Зенит» және «ПСВ»;
Екінші себет: «Реал», «Атлетико» (Мадрид), «Порту», «Арсенал», «Манчестер Юнатед», «Валенсия», «Байер», «Манчестер Сити»;
Үшінші себет: «Шахтер» (Донецк), «Севилья», «Лион», «Динамо» (Киев), «Олимпиакос», «ЦСКА», «Галатасарай», «Рома»;
Төртінші себет: «БАТЭ», «Боруссия» (Менхенгладбах), «Вольфсбург», «Динамо» (Загреб), «Маккаби» (Тель-Авив), «Гент», «Мальме» және  «Астана».

Айта кетейік, 2015/2016 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне Испанияның 5 клубы шығып рекорд орнатқан болатын. Топтық кезеңге жеребе тастау рәсімі Астана уақытымен кешкі сағат 21:45-те басталады.

Ө. Сансызбай