Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Футболдағы егіз ағайындылар

Футболдағы егіз ағайындылар

Футболдағы егіз ағайындылар

Ия. Бұл мақала тап осы жандар туралы айтылады. Яғни, футбол алаңындағы егіздер хақында. Біз олардың спорттық ғұмыры қалай өрбігенен және егіздер бір-біріне қаншалықты ұқсас екендігін сөз етпекпіз. Алдымен бүгінгі таңға дейін спорттық ғұрымын аяқтап кеткен аяқдопшылардан бастасақ!

 Спорттық ғұмырын бітіргендер

 Эрвин және Хельмут Кремерс

 

Бұл жігіттер спорттық футбол алаңындағы ғұмырын алдымен менхенгладбахтық «Боруссияда» бастаған. Содан кейін бірге алдымен, «Кикерс Оффенбах»,кейін генльзенхиркендік «Шальке-04» командаларында жалғастырған. Эрвин спорттан інісінен бұрын кеткен екен. Ал, Хельмут болса, жасыл алаңдағы соңғы жылдарын Канада біріншілігінде аяқтаған көрінеді. Ең қызығы бұл ағайындылар тура бір уақытта қолдарын сындырып алған, тура бір мезетте аяқтарын жарақаттап, бірдей уақыт аралығында емханадан шыққан. Міне, осындай ағайынды егіздер болған. 

Вилли және Рене ван де Керкхоф

 

Екеуі де Нидерландылық «Твенте» ұжымының түлектері. Кейінірек эйндховендік «ПСВ» қатарында тер төккен. Тап осы клубта Вили спорттық ғұмырының барлық кезеңін өткерсе, Рене болса, Грек, Қытай біріншіліктерінде де ойын өрнегін көрсетіп қайтқан. Бұл егіздердің екеуі де Нидерланды құрамасының негізгі ойыншылары болған. Ұлттық құрамаларымен екі рет әлем мундиалының қола жүлдесін және бір мәрте Еуропа дордасының қола жүлдесін жеңіп алған.

Рональд және Франк де Бур

Тағы да бір Нидерландының атақты егіздері - Рональд және Франк.  Бұлар осы уақытқа дейін қаншама әлемдік деңгейдегі футбол жұлдыздарын тәрбиелеп шығарған Амстредамдық «Аякс» академиясының тәлімгерлері. «Аякс» қатарында өнер ағайындылар бес рет Голландия чемпионы және бір мәрте Чемпиондар Лигасын жеңген. Негізінен қос ойыншы да көп жылдар бойы бір командада тер төккен. Спорттағы соңғы жылдарын егіздер Катар біріншілігіндн аяқтаған. Бұлар әлемдегі ең жеңісті әрі жемісті егіздердің бірі болып тарихта қалған.

Юрий және Николай Савичевтер

Бұл ағайындылар футболды Мәскеулік «Торпедо» сапында бастаған. Николай бүкіл ғұмырын сол «Торпедо» қатарында өткізсе, ал Юрий Еуропаны бағындыруға аттанған. Алдымен ол Гректің «Олипиакосына», сосын Германияға көшеді. Юрий Николайдан жеті жылдан кейін бітірген. Сонымен қатар, Юрий Николайға қарағанда Олимпиада чемпионы. 

Владимир және Михаил Маковскилер

Владимир мен Михаил доп тебуді алғашқы кезде үйінің алдында бастаған. Кейінірек Минскінің «Динамосында» шеберліктерін шыңдаған. Кәсіпқой аяқдопты болған шағында екеуі де киевтік «Динамо» қатарына ауысады. Бірақ ол командада тек Владимир ғана аз уақыт тер төгеді. Содан кейін Балтық жағалуында өнер көрсетеді. Қос ойыншының да соңғы командасы ретінде бүгінгі күні «Дарида» саналады. 

Бұрнағы күнгі аяқдопшылар

Антонио және Эммануэле Филиппини

Қос ағайындылар «Брешиа» командасының шәкірттері. Эммануэле «Пармаға» ауысқанға дейін, бұл егіздер барлық уақытта да бір ұжымда өнер көрсеткен. Италяның А сериасында өнер көрсеткендіктен бе, бұлардың ауыз толтырып айтатын жетістіктері жоқ.

Хамит және Халил Алтынтоп

Қос түрік азаматтары «Ваттеншайд 09» академиясының түлектері. 2003 жылы ағайындылар екі тарау жолмен кетеді. Хамит «Шальке 04» командасына ауысса, Халил «Кайзерслауртен» ұжымынан қосылады. Қазіргі кезде Хамит корольді «Реал Мадрид» сапында жүр. Бұл ағайынды егіздер ХХІ ғасыр футболының ең жемісті ойыншылары болып табылады.

Артавазд және Арман Карамян 


«Арабкир» клубының тәрбиеленушілері. Армения және Румыния елдерінде өте беделді ойыншылар. Жалпы спорттық  ғұмырының барлық кезеңінде бірге тер төккен. Тек Румынияда 3 жыл екі бөлек командада ойнаған. Керек десеңіз, екеуі бір күнде ұлттық құрама сапында алғашқы ойынын өткізген. Армения және Румыния кубогінің жеңімпаздары.

Алексей және Василий Березуцкилер


Спорттық ғұмырын бұл ағайындылар «Торпедо-ЗИЛ» сапында бастаған. Содан мәскеулік «ЦСКА-дан» бір-ақ шыққан. Бүгінгі таңда Ресей құрамасына қос жігіт те үнемі шақырылып тұрады. Жетістіктері де өте көп. Үш дүркін Ресей чемпионы, Еуропа біріншілігінің қола жүлдегерлері. УЕФА кубогінің жеңімпаздары.

Аяқдоп ойынының келешек жұлдыздары


Фабио және Рафаэль да Силва

Бұл ағайындылар бразилиялық «Флуминенсе» тәлімгерлері. «МЮ» жетекшілері бұл жігіттерді Гонконгта өткен турнир барысында байқап, келісім-шарт жасасқан. Екеуі де қорғаушылар. Сэр Алекстің командасында қазірше Рафаэль жиі алаңға шығады. Дегенмен, Фабио да еш осал ойыншы емес анық.

Кирилл және Дмитрий Комбаровтар

«Динамо» футбол мектебінің тәлімгерлері. Сонымен қатар, Ресей жастар құрамының және бірнеше уақыттан бері ұлттық құрамасының ойыншылары. Алаңдағы орындары орталық және шеткі жартылайқорғаушылар. Бүгінге дейінгі жетістіктері – Ресей біріншілігінің қола жүлдегерлері. Дегенмен, болашақта зор табыстарға жетеді деген сенім мол.

Суреттер ғаламтордан алынған

Автор: Уалихан Қосанбай

1780 13
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 10 қаңтар 2012, 10:00
Пікірлер
+0
10 қаңтар 2012, 10:24

біздің құрамаға да бір егіз керек.

+0
10 қаңтар 2012, 10:26

"Ағайындар кезекпенен доп қуса, деп тұрасың қазағымда дәл осындай ұл туса" (С) Ғазиза Ұзақ

+0
10 қаңтар 2012, 16:39

мания величия ?))

+0
10 қаңтар 2012, 12:36

мына қызықты қара. да уж

+0
10 қаңтар 2012, 16:40

Комбаровтар Динамодан шыққан бірақ қазір Спартакта ойнап жүр

+0
10 қаңтар 2012, 16:40

Березуцкилердің екеуі де "дерево" ))

+0
10 қаңтар 2012, 16:43

"Дерево" деген қай мағынада? ))

+0
10 қаңтар 2012, 16:55

Дерево деп техникасы төмен ойыншыларды айтады

+0
10 қаңтар 2012, 16:45

Дерево болса, танымал болатын ба еді?

+0
10 қаңтар 2012, 16:51

Дұрыс айтасың, ағаштардың да жақсы танымал сорттары болады )

+0
10 қаңтар 2012, 16:46

кезінде де Бурлардың страшно болельщигі болғанмын! )))

+0
12 қаңтар 2012, 19:48

Ағайындылар Пабло Канноваро және Фабио Канннобаро. Біріншісі қазір Лацио клубының капитаны. Екіншісі 2006 жылы алтын допты алган. Қазір карерасын бітірген...

+0
12 қаңтар 2012, 23:07

Мен сені ана "Жұлдыздар фабрикасына" қатысқан Дәулет Болатов па деп қалдым ғой ^_^

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...