Головкин - Лемье жекпе-жегінің билеттерінің бағасы белгілі болды

Головкин - Лемье жекпе-жегінің билеттерінің бағасы белгілі болды
Фото: tn.kz

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин мен IBF чемпионы Давид Лемье арасындағы жекпе-жектің билеттері 12 тамыздан бастап сатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Головкин Twitter парақшасында жазды. Құны 50, 100, 200, 300 және 500 доллар болатын билеттерді жекпе-жек өтетін Madison Square Garden аренасының кассасынан немесе Ticketmaster.com сайтынан сатып алуға болады.

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ.

М. Бисембаева