Желіде Головкин - Лемье жекпе-жегінің промо-ролигі пайда болды

Желіде Головкин - Лемье жекпе-жегінің промо-ролигі пайда болды
Фото: tn.kz

Интернетте WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин мен IBF чемпионы, канадалық 26 жастағы Давид Лемьенің жекпе-жегінің промо-ролигі пайда болды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі "Мэдисон Сквер Гарден" аренасына жұдырықтасады. Жекпе-жек HBO телеарнасынан тікелей эфирде таратылады. Ал Қазақстанда кездесуді "Қазақстан" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

М. Бисембаева