Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Әлем саңлақтары

Әлем саңлақтары

Әлем саңлақтары

Спорттың қай түрі болса да, өзінің мықтылары мен әлсіздері болады емес пе?

 Сол мықтылар мен әлсіздердің ара-жігін ажыратып, ғаламтордағы спорт төңірегіндегі мақалаларды, спортшылардың шеберліктерін таразылай отырып, Массагет ұжымы Сіздерге әлемдегі ең танымал спортшылар тізімін ұсынуды жөн көріп отыр.

1. Тізіміміздің бірінші сатысында футбол жұлдызы Криштиану Роналду орналасқан. 1985 жылдың 5 ақпанында Португалияның Фуншале елді-мекенінде дүниеге келген Криштиану, Испанияның «Реал Мадрид» клубында өнер көрсетумен қатар, ұлттық құраманың намысын қорғап жүр. Футбол тарихындағы ең қымбат футболшы үшін Испанияның «Мадриді» «Манчестер Юнайтедтің» есепшотына 83 млн фунт стерлинг көлемінде қаражат аударған. Португалиялық ойыншы 2004 жылы Еуропа чемпионатының ең үздік жас футболшысы атағын иемденген болатын. 2006/07 жылдар кезеңінде ағылшын премьер-лигасының чемпионы атағын жеңіп алып,  2007/08, 2008/09 кезеңдерінің үздік футболшысы атанған. Криштиану 2008 жылы чемпиондар лигасының үздік футболшысы атанып, Еуропа футболының мықтысы атағын алғаны үшін «Алтын доп» сыйлығына қол жеткізген. «FIFA»  федерациясының марапаттауымен «әлемнің үздік ойыншысы» атағын еншілеген.


2. Швейцарияның Базель қаласында 1981 жылдың 8 тамызында дүниеге келген Роджер Федерер үздік теннисшілер көшін бастап келеді. Әлемнің экс-бірінші ракеткасы бұл атақты 285 апта бойы ешкімге бермей, «Үлкен дулыға» турнирлерінде 16 рет топ жарған болатын. «АТР» турларының 5 дүркін жеңімпазы атанып, теннис тарихындағы қомақты қаражатқа қол жеткізген рекордсмен (64 млн астам). 2008 жылы Роджер Федерер Олимпиада чемпионы атанған.


3. Элдрик Тонт «Тайгер» Вудс 1975 жылдың 30 желтоқсанында АҚШ-тың Калифорния штатына тиісті Сайпресс деген жерде дүниеге келген. «Тайгер» - американдық гольф спортшысы. «Мейджор» турнирінің 14 дүркін жеңімпазы. Laureus World Sports Awards байқауының нәтижесі бойынша 2000, 2001 жылдары «үздік спортшы» атағын иемденген. PGA жарыстарында 71 рет жеңіске жетіп, теннис тарихындағы бұл көрсеткіш бойынша Сэм Снид пен Джек Никлаустан кейін үшінші сатыға орналасқан.


4. Тізіміміздің төртінші сатысында американдық жүзуші Майкл Фред Фелпс орналасқан. Фэлпс 1985 жылы 30 маусымда АҚШ-тың Балтимор қаласында дүниеге келген. Майкл спорт тарихындағы Олимпиада ойындарының 14 дүркін чемпионы, 50 м қашықтыққа жүзуде әлемнің 26 дүркін чемпионы. Майклдың бойы 193 см болса, салмағы 91 келі. Аяқ қиімінің өлшемі бар-жоғы - 47. Спорттық лақап аты – «Балтимор оғы». Фэлпс еркін және батерфляй стильде жақсы өнер көрсетумен көзге түскен. Ал арқамен жүзу және брасс стилінде сәл шеберлік жетіспейтінін мойындауымыз керек.  


5. Александр Овечкин 1985 жылдың 17 қыркүйегінде Ресей астанасы Мәскеуде дүниеге келген орыстың кәсіпқой хоккейшісі, «Вашингтон Капиталз» клубының сол қанаттағы шабуылшысы. Спорттық мансабының алғашқы кезеңдерінде мәскеулік    «Динамо» тобында өнер көрсеткен. Овечкин американдық клубта 5 кезең өткізіп, команда капитаны болған. 2008 жылдың қаңтарында Овечкин «Вашингтонмен» жалпы сомасы 124 млн доллар көлемінде келісім-шартқа отырған. 2009 жылдың аяғында Овечкин «NHL»-дың үздік он ойыншылар қатарына енген болатын. Александр ұлттық құраманың намысын алғаш рет 17 жасында қорғап, құрама тарихындағы ең жас спортшы атағын еншілеген.


6. Тізіміміздің алтыншы сатысында –  Коби Брайант. Коби 1978 жылы 23 тамызда АҚШ-тың Филадельфия штатында дүниеге келген. Коби американдық баскетболшы, қорғаушы. «NBA» бес дүркін чемпионы (2000, 2001, 2002, 2009, 2010 жылдары). 2007/08 кезеңінің ең үздік ойыншысы. 2007 жылы Америка чемпионы, келесі жылы Олимпиада ойындарының чемпионы атанды.


7. Шумахер. Иә,иә тағы да Шумахер. Бұл бүкіл әлемге әйгілі пилоттың есімін тізімге енгізбеуге бола ма?! Формула-1 бәйгесінің 7 дүркін чемпионы, автоспорт тарихындағы ең үздік спортшы деген атаққа ие. Михаэль 1969 жылдың 3 қаңтарында Германияда дүниеге келіп, өмір бойы автоспортпен айналасып келеді. 1996 жылы Михаэль Ferrari командасымен келісім-шартқа отырып, итальяндық команданың намысын қорғаған. 2010 жылы Шумахер «Mercedes GP» командасымен келісім-шартқа отырып, қазіргі таңда неміс командасында өнер көрсетіп жүр. Келісім бойынша Шумахердің жалақысы 7 млн еуроны құрайды екен.


8. «Тур де Франс 2011» жарысының жеңімпазы Кэдел Ли Эванс 1977 жылдың 14 ақпанында Австралияның Кэтрин елді-мекенінде дүниеге келген. Кэдел - «Тур де Франсты» жеңіп алған алғашқы аустралиялық велошабандоз. Үлкен спортқа келмес бұрын Эванс маунтингбайк веложарыстарына қатысып, 1998, 1999 жылдары әлем кубоктарын жеңіп алған. Эванс 2007, 2008 жылдары Тур де Франс жарысының басты квалификацияларында мәре сызығын екінші болып кесіп өтіп, 2009 жылы Мендризиода өткен әлем чемпионатында топтық жарысты жеңіп алған.  2011 жылдың шілдесінде Кэдел «Тур де Франс» жарысын жеңіп, басты квалификацияда Анди Шлекті 1 мин. 43 с. озған болатын.


9. Тізімнің тоғызыншы сатысында аты күллі әлемге таныс, теннис ойынының хас шебері – Винус Уильямс орналасқан. Винус 1980 жылы 17 маусым күні Мичиган штатына тиісті Ленсинг қаласында дүниеге келген. Винустың бағы Уимбилдон турнирінде 5 рет жанып, US Open жарысын екі рет жеңіп алған болатын. Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы, спорттық мансабында 27 миллион долларды қалтасына басқан. Винус «Үлкен дулыға» жарысының 21-турында үздік атанып, әйелдер арасындағы әлемнің жалғыз үш дүркін чемпионы.


10. Винустің сіңлісі Серена да біздің тізімімізге еніп отыр. Серена 1981 жылдың 26 қыркүйегінде Мичиган штатында орналасқан Сагиноу қаласында дүниеге келген. Серена әпкесі секілді теннис спортының хас шебері. 2009 жылы Австралияда өткен ашық чемпионатта бәсекелестерінен басым түсіп, жарыстың жеңімпазы атанды. Бұл жеңістен кейін Серена әлемнің ең бай теннисшісі атағына қол жеткізген. Серена «Үлкен дулыға» жарысының барлық турнирлерінде жеңіске жетіп, дүниежүзіндегі ең танымал спортшылардың біріне айналды.


Сонымен, қазіргі таңда ең танымал спортшылармен сізді таныстырдық. Бұл спортшылардың қай-қайсысы болсын - өз елінің мақтанышына айналып, спорт әлеміндегі биік шыңдарды бағындырып жүрген саңлақтар.

Суреттер ғаламтордан алынған

1961 6
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 13 қаңтар 2012, 14:05
Пікірлер
+0
13 қаңтар 2012, 16:05

Мен үшін, Бекхэм — ең мықты спортшы! Басқаларын білмеймін!:))

+0
13 қаңтар 2012, 16:28

Серенаны жоқ-жоқ көріп тұрамын, ал Венус болған шығар. Или әлі ойнап жүр ме? Ең мықтылар қатарында қысқы спорт жұлдыздары жоқ екен ))

+0
16 қаңтар 2012, 11:00

Федерердың деңгейіне жететін спортшы жоқ ау дим

+0
19 қаңтар 2012, 18:24

Апалы-сіңлілі қыздар, жарайсыңдар!

+0
19 қаңтар 2012, 18:48

Олимпиадалық ойындарда Фэлпстың 8 алтынды бірдей алып кеткенінде таңданысыма шек жоқ еді. Өзі бір жағынан сымбатты да ))

+0
22 қаңтар 2012, 15:48

кірәсәвщик дисің ғо))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...