«Қайрат» футзал клубы бірінші ойынын бразилиялықтарға қарсы өткізеді

«Қайрат» футзал клубы бірінші ойынын бразилиялықтарға қарсы өткізеді
Фото: kairat-futsal.kz

Шағын футболдан (футзал) Алматының «Қайраты» клубтар арасындағы әлем чемпионатында өз атақтарын қорғайды. Кеше өткен жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық клуб бірінші ойынын бразилиялықтарға қарсы өткізетін болды.

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты биыл 2-6 қыркүйек аралығында Бразилияның Эрешин қаласында өтеді. 2014 жылғы әлем чемпионаты Алматы қаласында өткен болатын. Тартысқа толы өткен додада отандастарымыз Тайландтың «Чонбури» мен Ресейдің «Динамосын» жеңіп, бас жүлдені олжалаған-ды. Биыл «Қайрат» әлем чемпионы атағын сақтап қалу үшін «Атлантико Эрешин» (Бразилия), «Миср Лел Макаса» (Египет), «Дафра» (БАӘ) және «Торонто» (Канада) клубтарына қарсы ойнайтын болады.

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты ойындарының кестесі:

31 тамыз

 «Дафра» (БАӘ) – «Миср Лел Макаса» (Египет);

«Атлантико Эрешин» (Бразилия) - «Қайрат» (Қазақстан);

1 қыркүйек

«Торонто» - «Дафра»;

«Атлантико Эрешин» - «Миср Лел Макаса»;

2 қыркүйек

«Миср Лел Макаса» - «Қайрат»;

 «Атлантико Эрешин» - «Торонто»;

3 қыркүйек

«Қайрат» - «Торонто»;

«Атлантико Эрешин» - «Дафра»;

4 қыркүйек

«Миср Лел Макаса» - «Торонто»;

«Дафра» - «Қайрат»;

Ө. Сансызбай