Бейбіт Ыстыбаев: «Жеңісімді Елбасыға арнадым»

О Сансызбай Корреспондент
Бейбіт Ыстыбаев: «Жеңісімді Елбасыға арнадым»
Фото ©️ massaget.kz

2015 жылғы «Қазақстан барысының» жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев финалдық белдесу соңынан кейін жеңісін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арнағанын хабарлады.

БӨЛІСУ

- Мен бүгінгі келген барлық жанкүйерлерге алғысымды білдіремін. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын. Ал бүгінгі жеңісімді алда туған күні келе жатқан Елбасыға арнаймын, - деді.

Сондай-ақ Жамбыл облысының балуаны екінші рет жеңіс тұғырынан көріну үшін ұзақ дайындалғанын да баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

- Мен «Қазақстан барысының» бесеуіне де қатыстым. Қазақстан дзюдо құрамасымен Жапонияда жаттықтым. Оларға құрметімді білдіремін. Бұл менің ғана жеңісім емес. Бапкерім мен достарымның да жеңісі. «Қазақстан барысын» жеңуге үмітті жас толқын балуандар өсіп келеді. Бұл жолы мен оларға мүмкіндік бермедім, - деді.

Айта кетейік, бүгін өткен «Қазақстан барысының» финалында Бейбіт Ыстыбаев қызылордалық Руслан Әбдіразақовты ұтып, жеңімпаз атанған болатын. Ал жарыстағы мәртебелі сыйлық "тайтұяқты" Бейбітке Елбасының өзі табыстады.