2014 жылғы «Қазақстан барысы» өз атағын қорғай алмады

2014 жылғы «Қазақстан барысы» өз атағын қорғай алмады
Фото: massaget.kz

2014 жылы «Қазақстан барысы» атанған Мұхит Тұрсынов екінші айналымда Жамбыл облысының балуаны Бейбіт Ыстыбаевтан жеңіліп қалды. Өткен жылы шығыс өңірінің балуаны Бейбітті жарыс жолынан шығарған болатын.

Мұхит Тұрсыновқа биыл жеребе ауыр түсті. Бірінші айналымда жерлесі Айбек Нұғымаровты қоян-қолтық белдесуде ұтқанмен, Бейбітке бұл жолы шамасы жетпеді.

Айта кетейік, «Қазақстан барысы» тарихында бірде-бір балуан екі жыл қатарынан жеңімпаз атанып, өз атағын қорғаған емес. 

Ө. Сансызбай