Астанада теннистен «Президент кубогы-2015» турнирі өтеді

Астанада теннистен «Президент кубогы-2015» турнирі өтеді
Фото: daviscup.com

Астанадағы Ұлттық теннис орталығында 27 шілде мен 2 тамыз аралығында үлкен теннистен XVIII халықаралық «Президент кубогы-2015» турнирі өтеді. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Теннистен 1991 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан жарыстың танымалдылығы жыл сайын артып, қатысушылар қатары да өсіп келеді. 2014 жылы бұл жарысқа әлемнің 30 мемлекетінен 100-ге жуық спортшы қатысқан. Ерлер («Challenger ATP») және әйелдер («ITF Women’s») арасында өтетін доданың жүлде қоры 100 000 АҚШ долларын құрайды. Ал турнирді ұйымдастырушы – Қазақстан теннис федерациясы. Биыл да бір аптаға созылатын жарысқа танымал теннисшілер қатысады деп күтілуде.

Айта кетейік, «Президент кубогы» турнирі кезінде 12 жасқа дейін жасөспірімдер арасында «Astana Masters 12&under President’s Cup» және әуесқойлар арасында «Astana Open» турнирі өтеді. Бұл екі жарыс дода аясында жылда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.  

Ө. Сансызбай