«Ақтөбе» өз алаңында «Нымме Кальюге» ұтылып қалды (видео)

«Ақтөбе» өз алаңында «Нымме Кальюге» ұтылып қалды (видео)
Фото: vk.com

Футболдан 2015/2016 жылғы маусымдағы Еуропа лигасын Владимир Газзаев жаттықтыратын «Ақтөбе» сәтсіз бастады. Қазақстандық клуб өз алаңында қарсыластарына 0:1 есебімен есе жіберіп алды.

«Ақтөбе» бұл ойында фаворит екені о баста айтылған еді. Мұны клуб бірінші таймда-ақ дәлелдеуге тырысты. Жылдам шабуылдар мен қауіпті сәттерді ұйымдастыра білген алаң иелеріне сәттілік жетіспеумен болды. Бірде Сирино, бірде Марат Хайруллин, бірде Данило Неко өз мүмкіндіктерін мүлт жіберді.

Екінші таймды да «Ақтөбе» ойыншылары ширақ бастады. Бірақ, «Нымме Калью» қорғанысы сыр берген жоқ. Есесіне эстониялық клубтың ойыншылары 72 минутта өз шабуылдарын нәтижеге айналдыра білді. Ойында Атс Пурье есеп ашты. Араға 4 минут сала «Ақтөбе» қақпашысы өз айып алаңы сыртында допты қолмен тоқтатып, алаңнан қуылды. 10 ойыншымен қалған қазақстандық клуб кездесу соңына дейін шабуылға ұмтылғанмен, таразы басын теңестіре алмады.

«Ақтөбе» (Ақтөбе,Қазақстан) — «Нымме Калью» (Таллин, Эстония) 0:1 (0:0)
Гол:
 Пурье 72 (0:1)

Ескертулер: Данило 19, Жулпа 59 — Бяренгруб 21, Жорж Родригеш 27, Калласте 44, Вунк 63
Алаңнан қуылды: Покатилов 77  
«Ақтөбе»: Покатилов, Аделейе, Мирошниченко, Дмитренко, Логвиненко, Жулпа, Хайруллин, Пиззелли (Бекбаев 78), Неко (Жалмұқан 87), Дяк, Данило (Хижниченко 81)
«Нымме Калью»: Телеш, Бяренгруб, Жорж Родригеш, Калласте, Дмитриев, Вунк, Айнсалу (Неэмело 82), Вакуи (Линдпере 58), Пурье, Меэеэл, Кимбалула (Листманн 90)
Бас қазы: Юрий Можаровский (Украина)
2 шілде. Ақтөбе. Қобыланды батыр атындағы орталық стадион.

Қос клуб арасындағы қарымта кездесу 9 шілде күні Эстонияда өтеді.

Кездесу статистикасы:

Қақпаға соққы: 33 — 13
Қақпаға дәл соққы: 10 — 4
Ереже бұзу: 11 — 18
Офсайдтар: 0 — 1
Бұрыштама: 6 — 3
Сары қағаз: 2 — 2
Қызыл қағаз: 1 — 0
Ойыншы алмасу: 3 — 3. 

Ө. Сансызбай