«Ордабасы» өз алаңында «Бейтармен» тең тарқасты

«Ордабасы» өз алаңында «Бейтармен» тең тарқасты
Фото: vk.com

Шымкентте жергілікті «Ордабасы» клубы Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында Израильдың «Бейтар» клубымен тең ойнады. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда өткен ойында 0:0 есебі тіркелді.

Астана уақытымен сағат 18:00-де басталған кездесу футболшылар үшін оңай соққан жоқ. Себебі, Шымкенттегі аптап ыстық 40 градусты көрсетіп тұрды. Бірінші таймда аса қауіпті сәттер мен жойқын шабуылдар орын ала қойған жоқ. Терезесі тең өнер көрсеткен командалар демалыс кезінде ойын жүйелерін реттеуге асыққандай сыңай танытты.

Екінші таймда Виктор Кумыков шәкірттері ойын тізгінін өз қолдарына алды. Стандартты жағдайларды пайдалануға тырысқан «Ордабасы» ойыншыларының шабуылынан нәтиже шықпады. Бұрыштамадан асырылған пастар да таблодағы есепке өзгерту енгізуге көмектесе алмады. 66 минутта Александр Гейнрих берілген мүмкіндігін сәтті пайдаланғанмен, қақпа бағаны қонақтарды голдан құтқарып қалды. «Бейтар» ойыншылары сәт сайын уақыт созып, келесі кезең жолдамасын өз алаңында шешуге ұмтылды. Шымкенттік клуб екінші таймда шабуылды үдеткенмен, нәтижес шықпады. Қош, сонымен есеп 0:0. Қарымта кездесу 9 шілде күні Иерусалимде өтеді.

«Ордабасы» (Шымкент, Қазақстан) — «Бейтар» (Иерусалим, Израиль) 0:0 
Ескертулер: Нұрғалиев 25, Әшіррбеков 34 — Асклинн 37
«Ордабасы»: Сидельников, Сүйіммбаев, Абдулин, Малый, Симчевич, Нұрғалиев, Әшірбеков, Касьянов, Адырбеков (Төлебек 75), Божич, Гейнрих (Петров 90)
«Бейтар»: Кляйман, Хила, Клаудемир, Магбо (Коэн И. 73), Матович, Асклинн, Ацили (Нахмани 64), Йерхуам, Жаири, Габбай, Коэн Л. (Замир 54)
Бас төреші: Дмитрий Мунтян (Молдова)
2 шілде. Шымкент. Қ. Мұңайтпасов атындағы орталық стадион.

Кездесу статистикасы

Қақпаға соққы: 14 — 6
Қақапаға дәл соққы: 3 — 2
Ереже бұзу: 14 — 14
Офсайдтар: 2 — 1
Бұрыштама: 10 — 5
Сары қағаз: 2 — 2
Ойыншы алмасу: 2 — 3.  

Ө. Сансызбай