Аргентина құрамасы жартылай финалға шықты

Аргентина құрамасы жартылай финалға шықты
Фото: ua.tribuna.com

Футболдан Америка кубогіне өтіп жатқан тартыста Аргентина құрамасы ширек финалда Колумбияны жеңді. Матчтың негізгі уақыты 0:0 есебімен аяқталып, пенальти бойынша аргентиналықтар басым түсті. Шешуші допты 11 метр қашықтықтан Арентина құрамасының шабуылшысы Карлос Тевес салды. Ал Колумбиялықтардан Луис Мурьел, Хуан Суньига және Жейсон Мурильоның добы қақпадан қиыс кетті.

Аргентиналықтар 5:4 есебімен колумбиялықтардан айласын асырды. Енді Херардо Мартиноның шәкірттері Бразилия немесе Парагвай құрамаларымен жартылай финалда кездеседі.  Естеріңізге сала кетейік, бүгін Бразилия мен Парагвай құрамалары Астана уақытымен сағат түнгі 03:30 ойнайды. 

Ж. Исакаев