Эстрада жұлдыздары «Астана кубогын» сарапқа салады

Эстрада жұлдыздары «Астана кубогын» сарапқа салады
Фото: vk.com

Қазақстан мен Ресей эстрадасының фанаттарын күтпеген сый күтіп тұр. Биыл Астана кубогы үшін екінші жыл қатарынан қаламызда әртістер командасы арасында футболдан жолдастық кездесу өтпек, - деп хабарлайды Baq.kz порталы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстандық «Алатау» құрамасында Музарт, Нұр-Мұқасан, Rin’Go, Mysterions, Арай, Жұбаныш Жексенұлы, Нұржан Керменбаев, Абдулкарим Каримов, Ғаділбек Жанай, Мэлс Сағатұлы, Тәуекел Мүсілім бар. Ресейлік "Starco" командасы Иракли Пирцхалава, Илья Авербух, Эдгард Запашный, Илья Глинников, Михаил Гребенщиков, Пъер Нарцисс, Виктор Зинчук, Сергей Крылов және басқа жұлдыздардан құралған. Матчтың комментаторы Виктор Гусев болмақ.

35 минуттық ойын мен ширек сағатқа созылатын үзілістен кейін екі команданың жұлдыздары көрермендер үшін концерт қояды.

Е. Жұмабайұлы