Қазақстан жастар құрамасы Болгарияда бас қосады

Қазақстан жастар құрамасы Болгарияда бас қосады
Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы 8-16 маусым аралығында Болгария астанасы Софияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жиын аясында 12 маусым күні Албания жастар құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.

Бапкерлер құрамы оқу-жаттығу жиынына келесі футболшыларды шақырды:

Қақпашылар: Голубничий Михаил («Астана»), Грошев Владимир («Қайрат»), Павлов Станислав («Ақтөбе»)

Қорғаушылар: Сартаков Григорий («Ертіс»), Аслан Рафкат («Тобыл»), Рудосельский Тимур («Қайрат»), Агайсин Әнуар («Тобыл»), Цой Данил («Қайсар»), Әділханов Темірлан («Жетісу»), Халезов Павел («Астана»), Шаихов Берік («Астана»), Старцев Андрей («Санкт-Паули», Германия)

Жартылай қорғаушылар: Сүлей Әлішер («Ертіс»), Төлиев Мирас («Оқжетпес»), Тұңғышбаев Еркебұлан («Ордабасы»), Балтабаев Ойбек («Қайрат»), Хайруллин Ринат («Жетісу»), Жалмұқан Дидар («Ақтөбе»), Таубай Абзал («Тараз»), Антипов Иван («Ақжайык»)

Шабуылшылар: Әйімбетов Абат («Ақтөбе»), Маров Алексей («Атырау»), Нұрмағамбет Рифат («Қайрат»).

Қазақстан кубогының 1/2 финалы, премьер-лига және бірінші лиганың кезекті тур ойындары ескеріліп, келесі футболшылар қосымша тізімге енді: қақпашылар – Дүйсен Абылайхан («Бәйтерек»), қорғаушылар - Вороговский Ян («Қайсар»), Кейлер Сергей («Қайсар»), жартылай қорғаушылар – Валиуллин Руслан («Ақжайық»), Жақсыбаев Ұлар («Ордабасы»), Қалмұратов Қуаныш («Атырау»).

Ө. Сансызбай