Геннадий Головкин Pound for Pound рейтингінде Мэнни Пакьяодан озды

Геннадий Головкин Pound for Pound рейтингінде Мэнни Пакьяодан озды
Фото: tn.kz

WBA (Super), IBO және WBC Interim тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин World Boxing жасаған Pound for Pound рейтингінде филипиндік Мэнни Пакьяноның алдына шықты, - деп жазады Tengrinews.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңартылған тізімде Головкин бір сатыға жоғарылап, төртінші орынға тұрақтады. Ал Пакьяо болса екінші орыннан бесіншіге түсті. WBN нұсқасы бойынша жасалған рейтингте кіші Флойд Мейвезер көш бастап тұр. Екінші орынды украиналық Владимир Кличко алды. Никарагуалық Роман Гонсалес 12-орыннан үшіншіге көтерілді.

Еске сала кетейік, Головкин соңғы рет 17 мамырда америкалық кіші Вилли Монромен кездесіп, оны 6-шы раундта жеңген болатын. Головкин 33 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 24 жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады. Ол рингке қыркүйекте шығады. Дегенмен, оның қарсыласының есімі әзірше белгісіз.

М. Бисембаева