Зарина Диас «Ролан Гаррос» турнирін аяқтады

Зарина Диас «Ролан Гаррос» турнирін аяқтады
Фото: 2014.usopen.org

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас Франция ашық біріншілігінің жұптық кезеңін де аяқтады. Отандасымыз қытайлық Сюй И Фанмен бірге австралиялық апалы-сіңлілі Родионоваларға есе жіберіп алды.

Бірінші сетте Зарина мен Сюй И Фан қарсыластарына 6:7 есебімен ұтылды. Ал екінші сетті 6:3 есебімен жеңіске жетті. Шешуші сәтте Арина және Анастасия Родионовалар 7:6 есебімен басым түсіп, үшінші кезеңге жолдама алды.

Айта кетейік, осыған дейін Ярослава Шведова да жұптасып өнер көрсетуде екінші кезеңге өткен болатын. Ол австралиялық Кейси Деллаквамен бірге екінші айналымда бүгін Ализе Корне мен Магда Линетке қарсы ойнайды. 

Ө. Сансызбай