WSB жобасының финалы Астанада өтетін болды

О Сансызбай Корреспондент
WSB жобасының финалы Астанада өтетін болды
Фото ©️ worldseriesboxing.com

Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) финалы Астана қаласында өтетін болды. Марат Жақиев жаттықтыратын «Astana Arlans» финалда Кубаның «Сuba Domadores» клубымен чемпиондық атаққа таласады.

БӨЛІСУ

Қазақстандық клубтың директоры Серік Сәпиев қаржы мәселесі шешіліп жатса, WSB жобасының финалы Астанада өтуі мүмкін екенін осыған дейін айтқан еді. Бүгін белгілі болғандай, «бостандық аралының» былғары қолғап шеберлері өз атақтарын Астанада қорғайтын болды. Өткен маусымда «Сuba Domadores» Бакуде жергілікті «Azerbaijan Baku Fires» клубын жеңіп, чемпион атанған болатын.

2015 жылғы WSB жобасының финалындағы «Astana Arlans» пен «Сuba Domadores» клубтары арасындағы шаршы алаңдағы шешуші жекпе-жектер 20-21 маусым күндері Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтеді.