«Жетісуға» бас бапкер тағайындалды

«Жетісуға» бас бапкер тағайындалды
Фото: vk.com

«Жетісу» футбол клубының жаңа бас бапкері болып Иван Азовский тағайындалды. Ол осыған дейін бас бапкердің қызметін атқарып келген болатын.

Жаңа маусымды сәтсіз бастаған талдықорғандық клуб осыған дейін Асқар Қожабергеновтің қызметінен кеткенін ресми түрде хабарлаған еді. Енді бас бапкер тізгінін 50 жастағы маман қолға алды. Иван Азовский осыған дейін де «Жетісуда» (2010 жыл) бас бапкердің көмекшісі болған. Одан кейін бірінші лигадағы «Астана 1964», «Гефест» клубтарын жаттықтырды. «Атырауда» (2011жыл) бас бапкердің қызметін атқарушы болды.

Айта кетейік, қазіргі таңда талдықорғандық клуб ХІІІ тур қорытындысы бойынша турнир кестесінде 11-ші орында келеді. Ертең «Жетісу» өз алаңында «Оқжетпеспен» ойын өткізеді.

Ө. Сансызбай