Әлібек Бөлешов 11 жылдан кейін ұлттық құрамаға шақырту алды

О Сансызбай Корреспондент
Әлібек Бөлешов 11 жылдан кейін ұлттық құрамаға шақырту алды
Фото ©️ okzhetpes.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер қосыны Түркия және Кабо-Верде құрамаларымен өтетін ойынға шақырылған футболшылардың кеңейтілген тізімін жариялады. Тізімге 11 жылдан бері ұлттық құрамаға шақырту алмаған шабуылшы Әлібек Бөлешев пен қақпашы Сергей Бойченко да еніпті.

БӨЛІСУ

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша кеңейтілген тізімде ел премьер-лигасы мен шетелде ойнайтын 38 футболшы шақырту алған. Олардың қатарында ұлттық құрамадағы бірінші ойынына қатысуы мүмкін Александр Меркель де бар. Сонымен қатар, бундеслигаға оралған «Ингольштадт» клубының қорғаушысы Константин Энгель де екі ойынға қатысуы мүмкін.

Юрий Красножан баптайтын ұлттық құрама 8 маусым күні Талғарда жиналып, оқу-жаттығу жиындарын бастайтын болады. Ал оған дейін клубтарында өнер көрсетеді. Түркия мен Кабо-Вердеге қарсы шақырған құрамға «Астана» командасынан – 10 ойыншы, «Қайраттан» - 8, «Ордабасы» мен «Ақтөбеден» 5 ойыншыдан шақырту алған.

Ұлттық құрамаға шақырту алған футболшылар:

Қақпашылар: Бойченко С. (Ордабасы), Плотников В. (Қайрат), Покатилов С. (Ақтөбе), Сидельников А. (Ордабасы), Цирин А. (Оқжетпес),Эрич Н. (Астана)

Қорғаушылар: Абдулин Р. (Ордабасы), Ахметов Е. (Астана), Бейсебеков А. (Астана), Воротников И. (Тараз), Гурман М. (Қайрат), Қуантаев Е. (Қайрат), Логвиненко Ю. (Ақтөбе), Малый С. (Ордабасы), Мирошниченко Д. (Ақтөбе), Сүйімбаев Г. (Ордабасы), Шомко Д. (Астана), Энгель К. (Ингольштадт, Германия)

Жартылай қорғаушылар: Дарабаев А. (Қайрат), Жолшиев Б. (Астана), Досмағамбетов Т. (Тараз), Жуков Г. (Астана), Исламхан Б. (Қайрат), Қожамберді Ж. (Тараз), Қонысбаев У. (Астана), Қуат И. (Қайрат), Көкеев Ж. (Қайрат), Лунин С. (Қайрат), Меркель А. (Грасхоппер), МухутдиновА. (Тараз), Нұрғалиев А. (Ордабасы), Смақов С. (Ертіс), Тағыберген А. (Ақтөбе)

Шабуылшылар: Бөлешев Ә. (Оқжетпес), Жаңғылышбай Т. (Астана), Нөсербаев Т. (Астана), Хижниченко С. (Ақтөбе), Щеткин А. (Астана)

Еске сала кетейік, 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы Қазақстан мен Түркия құрамалары арасындағы ойын 12 маусым күні Алматының Орталық стадионында өтеді. Араға 4 күн сала қазақстандық футболшылар Кабо-Вердеге қарсы жолдастық кездесу өткізеді.