Зарина Диас «Роллан Гарростың» екінші кезеңіне өтті

Зарина Диас «Роллан Гарростың» екінші кезеңіне өтті
Фото: m.khabar.kz

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Франция ашық біріншілігінің (Rollan Garros) екінші кезеңіне өтті. Отандасымыз бірінші кезеңде неміс қызы Дина Пфиценмайерден басым түсті.

Қазақстанның нөмірі бірінші теннисшісі бірінші сетте 0:4 есебімен ұтылып тұрып, алты геймде қарсыласынан басым түсті. Ал екінші сетте Зарина қарсыласын 6:1 есебімен жеңіп шықты. Отандасымыз екінші кезеңде словакиялық Анна Каролина Шмидлова және бельгиялық Алисон Ван Эйтванктың жеңгенімен кездеседі.

Айта кетейік, осыған дейін Юлия Путинцева да «Роллан Гарростың» екінші кезеңіне өткен болатын. Ал Ярослава Шведова, Андрей Голубев, Михаил Кукушкин жекелей сында бірінші айналымнан аса алмады.

Ө. Сансызбай