Геннадий Головкин «The Ring» журналының рейтингіндегі орнын сақтап қалды

Геннадий Головкин «The Ring» журналының рейтингіндегі орнын сақтап қалды
Фото: vk.com

Бокстан WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкин «The Ring» журналының P4P тәуелсіз рейтингіндегі орнын сақтап қалды.

Бүгін жаңарған «The Ring» журналының P4P тәуелсіз рейтингінде GGG төртінші орнын сақтап қалып отыр. Алғашқы үштікте де өзгерістер орын алмаған. Бірінші орында америкалық Флойд Мейвезер көш бастап келеді. Екінші орын никарагуалық Роман Гонсалеске тиесілі болса, үшінші болып Владимир Кличко орналасқан.

Айта кетейік, Геннадий Головкин кіші Вилли Монроны жеңгеннен кейін boxrec.com нұсқасының P4P тәуелсіз рейтингінде үшінші сатыға көтерілген болатын. Қазақстандық боксшы қыркүйек айында кезекті кездесуін өткізуді жоспарлап отыр. Әзірге қарсыласы анықталған жоқ.

Ө. Сансызбай