Ел чемпионатының финалына шыққан боксшылар белгілі болды

Ел чемпионатының финалына шыққан боксшылар белгілі болды
Фото: kfb.kz

Бүгін Талдықорғанда ҚР Спартакиадасы шеңберінде өтіп жатқан ерлер арасындағы бокстан ел біріншілігі мәресіне жетеді. Шешуші шайқаста жұдырықтасатын боксшылар анықталып үлгерді.

Талдықорған шаршы алаңына еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан боксшылар келген. Барлығы 149 былғары қолғап шебері бақ сынауда. Қостанай мен Солтүстік Қазақстан командалары жартылай құрамда келсе, өзге облыстар толық құрамда қатысуда.

Ел біріншілігінің қола жүлдегерлері

49 келі

Ермек Мәдиев (Жамбыл облысы)
Бағдат Толыбаев (Алматы)

52 келі

Мирас Жақыпов (ШҚО)
Әнуар Музапаров (Алматы)

56 келі

Нұрсұлтан Көшеғұловқмола облысы)
Мадияр Жанұзак (Астана)

60 келі

Бекдәулет Ибрагимов (ОҚО)
Роман Щегринов (Алматы облысы)

64 келі

Мақсат Жексенбі (Қарағанды облысы)
Айдар Әмірзаков (ШҚО)

69 келі

Ернар Ешенов (Алматы облысы)
Әділет Дамешов (Ақтөбе облысы)

75 келі
Алмасбек Орынғалиев (БҚО)
Манат Өмірзақов (ШҚО)

81 келі

Әліби Нұрматов (Алматы)
Нұрбол Алтаев (ОҚО)

91 келі

Олжас Букаев (Павлодар облысы)
Алексей Севостьянов (Қарағанды облысы)

+ 91 келі

Али Балоев (Алматы облысы)
Нұрсұлтан Аманжолов (Жамбыл облысы)

Бүгін белгілі болғандай финалдық кездесуге шыққан боксшылар саны бойынша Алматы облысы көш бастап тұр. Олардың 5 боксшысы алтын жүлдеге таласуға мүмкіндік алған. Оңтүстік Қазақстаннан – 4, Маңғыстау облысынан – 3, Атырау өңірінен 2 боксшы финалға жолдама алды. Ал Астана, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Қызылордадан бір-бір боксшыдан шешуші шайқаста өнер көрсетеді.

49 келі

Мардан Берікбаев (Алматы обл) – Жомарт Ержан (ОҚО)

52 келі

Азат Махметов (Астана) – Азамат Исақұлов (Маңғыстау обл)

56 келі

Дидар Өтелбаев (Алматы обл) – Нұрбол Қалжанов (Маңғыстау обл)

60 келі

Ержан Мұсафиров (Қарағанды обл) – Жақсылық Ілиясов (ШҚО)

64 келі

Алмасбек Әлібеков (ОҚО) – Сабыржан Бақбергенов (Ақмола обл)

69 келі

Азамат Досмағанбетов (Атырау обл) – Бекзод Халметов (ОҚО)

75 келі

Жәнібек Әлімханұлы (Алматы обл) – Ерік Әлжанов (Маңғыстау обл)

81 келі

Арман Рысбек (Алматы обл) – Шаймұрат Құсайынов (Павлодар обл)

91 келі

Арбек Әбдуғаниев (Алматы обл) – Рахман Әлжанов (Атырау обл)

+91 келі

Қамшыбек Қоңқабаев (Қызылорда обл) – Нұржан Бекзатов (ОҚО)

Айта кетейік, бүгінгі финалдық кездесулер Астана уақытымен сағат 12:00-15:00 аралығында өтеді. Тікелей эфирде «KazSport» арнасынан тамашалай аласыздар.

Ө. Сансызбай