Қазақстан құрамасы аралас жекпе-жектен Азияда алдыңғы орында

Қазақстан құрамасы аралас жекпе-жектен Азияда алдыңғы орында
Фото: voxpopuli.kazakh.ru

Аралас жекпе-жектен Тәжікстанның Худжанд қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 4 алтын 1 күміс 2 қола жүлде еншілеп жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

Қазақстан құрамасы сапынан Кирилл Литвиненко (61,2 келіге дейін), Гойти Дазаев (77,1 келіге дейін), Жасұлан Хасимов (84 келіге дейін) және Андрей Смирнов (93 келіге дейін) Азия чемпионы атанды. Күміс медальды 66 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Алтынбек Бәжімов еншіледі. Үшінші орыннан Асланбек Тәженов (70,3 келіге дейін) пен Антон Маркаускас (93 келіден жоғары) көрінді.

Айта кетейік, Худжанда жақын күндері екінші ірі халықаралық турнир өтеді. Дүниежүзілік ММА қауымдастағының Азиядағы біріншілігінде еліміздің намысын Сергей Морозов, Мират Бекішев, Исатай Теміров және Инжел Еркінбек қорғайтын болады. 

Ө. Сансызбай