"Роллан Гаррос" турниріне қатысатын теннисшілеріміздің алғашқы қарсыластары анықталды

"Роллан Гаррос" турниріне қатысатын теннисшілеріміздің алғашқы қарсыластары анықталды
Фото: sport-explorer.ru

Францияның Париж қаласында өтетін "Роллан Гаррос" турниріне қатысатын қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары белгілі болды.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас алғашқы айналымда әлемнің 142-ракеткасы, германиялық Дина Пфиценмайер кездеседі. Екі теннисші бұрын мүлде кездеспеген.

Ярослава Шведова бірінші айналымда әлемнің 7-ракеткасы Ана Ивановичпен жолықса, Юлия Путинцева сербиялық Александра Круничпен кортқа шығады. 

Ерлер арасында Михаил Кукушкин бірінші айналымда израильдік теннисші Дуди Селамен кездеседі. Ал Андрей Голубев испандық Томми Робредомен жұп құрады.

Естеріңізге сала кетсек, әлемдегі ірі теннис турнирлерінің біріне жататын "Роллан Гаррос" турнирі 25 мамыр күні жалауын көтереді.

Н. Айдархан