Футболдан Қазақстан кубогы жартылай финалының жеребесі тартылды

О Сансызбай Корреспондент
Футболдан Қазақстан кубогы жартылай финалының жеребесі тартылды
Фото ©️ vechastana.kz

Футболдан ҚР кубогының жеребесі тартылып, жартылай финалда бір-бірімен кездесетін клубтар белгілі болды. Салтанатты рәсім Қазақстан футбол федерациясының Астанадағы кеңсесінде өтті.

БӨЛІСУ

Жеребе қорытындысы бойынша жартылай финалда «Тобыл» мен «Қайрат», «Ақтөбе» мен «Астана» кездесетін болады. Бірінші ойындар 2 маусым күні Қостанай мен Ақтөбе қалаларында өтсе, қарымта кездесулер 23 қыркүйекке жоспарланған.

Айта кетейік, өткен маусымда ел кубогын Алматының «Қайраты» иеленген болатын. Кеше Орталық стадионда «Таразды» ойсырата жеңген Владимир Вайсс шәкірттері биыл да атақтарын абыроймен қорғап келеді.  

Ұқсас жазба

Ел кубогының жартылай финалына шыққан клубтар анықталды (видео)