Қазақстандықтар GGG жекпе-жегін тікелей эфирден көре алады

Қазақстандықтар GGG жекпе-жегін тікелей эфирден көре алады
Фото: vk.com

«Қазақстан» ұлттық арнасы Геннадий Головкиннің жақын арада өтетін екі жекпе-жегін тікелей эфирден көрсету құқығына ие болды. Бұл туралы «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорацияның баспасөз қызметі хабарлап отыр.

17 мамыр күні таңертең «Қазақстан» телеарнасы мамыр айындағы басты жекпе-жектердің бірі – орта салмақтағы WBA, WBC (Interim) және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен орта салмақта «Boxcino 2014» турнирінің жеңімпазы 28 жастағы кіші Вилли Монро арасындағы кездесуді Лос-Анджелес қаласынан тікелей эфирде көрсетеді.

17 мың адам сиятын Лос-Анджелестің (АҚШ) жаңартылған «The Forum» аренасынан үлкен бокс кеші 17 мамыр күні сағат 7.00-де «Қазақстан» телеарнасынан көрсетіледі. Қос боксшының жекпе-жегі шамамен таңғы 9.00-де көрсетіледі. Көрсетілімнің қайталаулары 17 мамыр күні күндізгі уақытта және 18 мамыр күні кешкі уақытта «Кazsport» телеарнасынан көрсетіледі.

Геннадий Головкиннің екінші жекпе-жегі, болжам бойынша, қыркүйек айына жоспарланып отыр. Нақты күні, өткізілетін орны мен қарсыласының есімі әзірге белгісіз. Бұл жекпе-жекті де қазақстандықтар ұлттық арнадан тамашалай алатын болады. 

Ұқсас жазба

Флойд Мейвезер Геннадий Головкинмен неге жұдырықтасқысы келмейді?

Головкиндердің шаршы алаңдағы серті қандай?

«GGG» мобильді қосымшасы жарыққа шықты

Ө. Сансызбай