Қазақстандық тағы бір клуб бас бапкерсіз қалды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық тағы бір клуб бас бапкерсіз қалды
Фото ©️ shahter.kz

Футболдан Қарағандының «Шахтер» клубының бас бапкері Владимир Чебурин қызметінен кетті. Жаңа маусымды сәтсіз бастаған «кеншілердің» нәтижесі жанкүйерлер мен клуб басшылығы көңілінен шықпағаны анық.

БӨЛІСУ

Еуропа лигасында ел абыройын асқақтатқан қарағандылық клуб құлдырау кезеңін басынан өткеруде. Х тур қорытындысы бойынша бар болғаны 5 ұпай ғана жинап, турнир кестесінде соңғы орында келеді. Ал Қазақстан кубогы жолындағы жарысты аяқтап үлгерді. Осының барлығын ескерген клуб басшылығы Владимир Чебуринді қызметінен ерте босатты.

Айта кетейік, осыған дейін Қостанайдың «Тобылы» мен Талдықорғанның «Жетісу» клубтары бас бапкерімен қош айтысқан болатын. 

Ұқсас жазба

VII турдан кейін «Тобыл» бас бапкерсіз қалды

Жеңіске жетпеген «Жетісу» бас бапкерсіз қалды