Еліміздің үздік боксшылары Талдықорғанда жұдырықтасады

Еліміздің үздік боксшылары Талдықорғанда жұдырықтасады
Фото: kfb.kz

21-25 мамыр аралығында Талдықорған қаласының "Жастар" спорт сарайында ҚР Спартакиадасы шеңберінде бокстан ерлер арасында ел біріншілігі өтеді. Жарысқа ұлттық құраманың да белді боксшылары қатысады деп жоспарланып отыр.

Жуырда ғана бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының нөмірі бірінші боксшылары мен Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) ел намысын қорғайтын «Astana Arlans» клубының мүшелері АҚШ-қа барып, оқу-жаттығу жиынын өткізіп қайтқан болатын. 18 күнге созылған оқу-жаттығу жиындары кезінде қазақ боксшылары жергілікті боксшылармен спарринг өткізіп, әйгілі «Mayweather Boxing Club» залында және кіші Рой Джонстың академиясында дайындықтарын пысықтаған еді.

Назарларыңызға жарыстың бағдарламасы мен кестесін ұсынамыз.

21 мамыр

08.00 - 09.00 - Салмақ өлшеу (49,56,64,75,91 келі)

12.00 - 14.30 - Жарыстың басталуы (алдын-ала кездесулер)

15.00 - 16.00 - Ашылу салтанаты

16.00 - 23.00 - Жарыстың жалғасуы

22 мамыр

08.00 - 09.00 - Салмақ өлшеу (52,60,69,81,+91 келі)

12.00 - 16.00 - Жарыстың басталуы (алдын-ала кездесулер)

16.00 - 16.30 - Үзіліс

16.30 - 22.00 - Жарыстың жалғасуы

23 мамыр

08.00 - 09.00 - Салмақ өлшеу (49, 56, 69, 75, 91 келі)

14.00-19.00 - Жарыстың басталуы (ширек финал)

24 мамыр

08.00 - 09.00 - Салмақ өлшеу (52,60,69,81,+91 келі)

14.00-19.00 - Жарыстың басталуы (ширек финал)

25 мамыр

08.00 - 09.00 - Салмақ өлшеу

14.00-19.00 - Жарыстың басталуы (жартылай финал)

26 мамыр

08.00 - 09.00 - Салмақ өлшеу

12.00-15.00 - Финал, марапаттау рәсімі, жарыстың жабылу салтанаты

Ұқсас жазбалар

Мэнни Пакьяомен жұдырықтасқан қазақ боксшысы (видео)

«Ғасыр жекпе-жегі» қандай баға алды? (видео)

Ө. Сансызбай