Мұхит Тұрсынов пен Айбек Нұғымаров "Қазақстан Барысына" биыл да қатысатын болды

Мақпал Бисембаева Корреспондент
Мұхит Тұрсынов пен Айбек Нұғымаров "Қазақстан Барысына" биыл да қатысатын болды
Фото ©️ rferl.org

"Қазақстан Барысы-2015" додасында ШҚО намысын қорғайтын балуандардың есімі белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

БӨЛІСУ

Орталықтың мәліметінше, Өскемен қаласының "Жекпе-жек" сарайында өткен облыстық іріктеу жарысында биыл шілде айында өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен "Қазақстан Барысы-2015" республикалық турнирінде күресетін шығысқазақстандық балуандардың есімі белгілі болды. Сайысқа ШҚО-ның барлық қаласы мен аудандарынан 22 балуан бақ сынасты.

"Кілең мықтылар жиналған жарыста өңірдің әр қаласы немесе ауданынан 2 балуаннан қатыса алады. Биыл өтетін республикалық "Қазақстан Барысы-2015" додасына ШҚО атынан 3 балуан аттанбақ. Оның бірі 2014 жылғы Қазақстан барысы Мұхит Тұрсынов. Өскеменде өткен додада 22 балуан қалған екі жолдаманы сарапқа салды", - делінген хабарламада.

Сайыс қорытындысы бойынша, 1 орынды қазақ күресінен әлемнің үш дүркін чемпионы, 2013 жылғы "Қазақстан Барысы" Айбек Нұғымаров иеленді. Ол ШҚО намысын өзінің финалда шыққан қарсыласы Өскемен қаласының балуаны Талғат Әміреновпен бірге қорғамақ.