«Реал» Мартин Эдегорды негізгі құрамға шақырды

«Реал» Мартин Эдегорды негізгі құрамға шақырды

Мадридтік «Реал» жас жартылай қорғаушы Мартин Эдегорды «Реал Кастильядан» негізгі құрамға шақырды. Футболшы 30 сәуір күні «корольдік клубтың» «Альмерияға» қарсы өткізетін ойынына қатысуы мүмкін.

ХХХIV турдағы «Реалдың» Мадридтегі «Альмерияға» қарсы өтетін ойынына Карло Анчелотти Мартин Эдегорды шақыртып отыр. 16 жастағы норвегиялық жартылай қорғаушының негізгі құрамдағы ойынын жанкүйерлер асыға күткен еді. Ол «Реалдың» негізгі құрамында әлі алаңға шықпаған. Сонымен қатар, бұл футболшыдан өзге тағы екі ойыншы негізгі құрамға шақырту алған.

Айта кетейік, Мартин Эдегор қаңтар айында Норвегияның «Стремгодсет» клубынан «Реалға» ауысқан болатын. Келісімшарт бойынша «корольдік клуб» құрамында 2017/2018 жылғы маусымға дейін өнер көрсетеді. Жылына 2,25 миллион евро көлемінде жалақы алады. Егер сәтті өнер көрсетіп жатса, бұл жалақы келісімшарт бойынша 6,8 миллион евроға дейін жоғарылайтын болады.

Сурет: realmadrid.ru

Ө. Сансызбай