Төл спортымыздан тең қарсыластар табылмады

Төл спортымыздан тең қарсыластар табылмады

Алматы қаласында ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақтан ІІІ әлем чемпионаты өткен болатын. Бүгін назарларыңызға жарыстың қорытынды нәтижесін ұсынамыз.

Алатау бөктеріндегі әлем чемпионатына биыл 23 елден 60 спортшы қатысты. Еліміздің намысын 8 тоғызқұмалақ шебері қорғады. Ойындар швейцар жүйесі бойынша 7 турдан классика, рапид және блиц түрінен өтті. Әр ойыншыға классикалық ойында – 1,5 сағаттан, рапидте – 20 минуттан, блицте – 7 минуттан уақыт берілді.

Қазақтың төл өнерін насихаттау мақсатында өткен додада отандастарымыз барлық сында жеңіс тұғырынан көрінді.

Әлем чемпионаты қорытындысы (классика):

Ұлдар

1. Елеусінов Хакімжан (Қазақстан)

2. Каймулдин Жанат (Қазақстан)

3. Джамакеев Анарбек (Қырғызстан)

Қыздар

1. Далиева Әсел (Қазақстан)

2. Керимбекова Аида (Қырғызстан)

3. Сапарбекова Салтанат (Қазақстан)

Турнирдің қорытындысы (блиц):

Ұлдар

1. Ақтаев Серік (Қазақстан)

2. Қабиев Нұрбек (Қазақстан)

3. Петерс Алексей (Германия)

Қыздар

1. Сапарбекова Салтанат (Қазақстан)

2. Далиева Әсел (Қазақстан)

3. Максатбек кызы Айтурган (Қырғызстан)

Турнирдің қорытындысы (рапид):

Ұлдар

1. Қабиев Нұрбек (Қазақстан)

2. Джамакеев Анарбек (Қырғызстан)

3. Петерс Алексей (Германия)

Қыздар

1. Далиева Әсел (Қазақстан )

2. Кенина Диана (Қазақстан)

3. Курманбекова Мадина (Қырғызстан)

Ұқсас жазба 

Алматыда тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды

Сурет: massaget.kz

Ө. Сансызбай