Қазақстан құрамасы Венгрия хоккейшілерін ойсырата жеңді (видео)

Қазақстан құрамасы Венгрия хоккейшілерін ойсырата жеңді (видео)

Хоккейден Андрей Назаров жаттықтыратын Қазақстан ұлттық құрамасы Польшаның Краков қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші жеңісіне жетті. «А» тобында бақ сынап жатқан отандастарымыз Венгрия құрамасын 5:0 есебімен ойсырата жеңді.

Кездесудің екінші минутында-ақ есеп ашылды. Қарсылас команда қақпасын бірінші болып ұлттық құрама капитаны Константин Руденко нысанаға алды. Екінші кезеңде Алексей Воронцов, Кевин Даллмэн мен Вадим Краснослободцев мергендігімен көзге түсті. Үшінші кезеңде Константин Пушкарев бесінші шайбаны қарсыластар қақпасына енгізіп, ірі есеппен жеңіске жетуіне септігін тигізді. Ойында үш шайбаның соғылуына Талғат Жайлауов мүмкіндік жасады.

Кеше Қазақстан құрамасы бірінші ойынында Украина елінің хоккейшілерін 5:2 есебімен жеңген болатын. Қазақстан, Венгрия, Украинадан бөлек бұл сынға Польша, Италия, Жапония қатысып жатыр. «А» тобында жеңіске жеткен құрама 2016 жылы әлем чемпионатының элиталы тобына өтеді.

Cурет: wmia2015.iihf.com

Ө. Сансызбай