"Аstana Arlans" "Аргентина қырандарын" жеңді

"Аstana Arlans" "Аргентина қырандарын" жеңді

Дүниежүзілік бокс сериясында (WSB) ел намысын қорғап жатқан "Аstana Arlans" командасы "Аргентина қырандары" командасымен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті. 

"Аргентина қырандарымен" өткен кездесуде төрт боксшымыз (Қайрат Ералиев, Самат Бәшенов, Жәнібек Әлімханұлы, Василий Левит) жеңіске жетті. 49 келі салмақ дәрежесіндегі Жомарт Ержан ғана қарсыласына жол берді.

Қазақстандық боксшылар арасынан Василий Левит тағы да техникалық нокаутпен жеңді. Естеріңізге сала кетсек, Василий бүгін 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада жолдамасын ұтып алған болатын.  

Осылайша Қазақстандық "Астана Арланс" клубы Әлемдік бокс сериясында (WSB) 13-ші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін "Рафако гусарлары", "Италия тандер", "Аргентина қырандары", "Пуэрто-Рико дауылдары", "Баку оттары", "Поляк гусарлары", "Америка нокаутшылары" және "Венесуэла билеушілері" командаларын жеңген болатын.

Сурет: vesti.kz

Н. Айдархан