Головкиннің Мюрреймен өткізген кездесуі 2015 жылдың он үздік жекпе-жегінің қатарына кірді

Головкиннің Мюрреймен өткізген кездесуі 2015 жылдың он үздік жекпе-жегінің қатарына кірді

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (32-0, 29 КО) ағылшын боксшысы Мартин Мюрреймен кездесуі (29-2-1, 12 КО) 2015 жылдың бірінші ширегіндегі ТОП-10 үздік жекпе-жектер қатарына кірді. Рейтингті Bleacher Report америкалық спорт сайты құрастырды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Олардың кездесуі 21 ақпанда Монте-Карлода болып, қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды. Қазақстандық боксшы WBA титулын 13-ші рет қорғап, осы көрсеткіште үшінші орынға көтерілді.

Мұнымен қатар, Головкин орта салмақ тарихындағы үздік нокаутшылардың арасында өз рейтингін көтеріп, Майк Тайсонның рекордын қайталады, сонымен қатар ағылшынды оның мансап жолындағы бірінші уақытынан бұрын жеңілісіне ұшыратты. Десе де, Мартин Мюррей қазақстандыққа қарсы 11 раунд бойы шыдас берген тұңғыш қарсылас болды. 

Bleacher Report рейтингінде Головкин - Мюррей жекпе-жегі алтыншы орында тұр. Келесі жекпе-жектердің тізімі:

10. Тайсон Фьюри vs Кристиан Хаммер;
9. Кіші Вилли Монро vs Брайан Вера;
8. Деонтей Уайлдер vs Бермейн Стиверн;
7. Джермелл Чарло vs Ванес Мартиросян;
6. Геннадий Головкин vs Мартин Мюррей;
5. Сергей Ковалев vs Жан Паскаль;
4. Карл Фрэмптон vs Крис Авалос;
3. Артур Абрахам vs Пол Смит;
2. Кігі Крис Юбенк vs Дмитрий Чудинов;
1. Кейт Турман vs Роберт Герреро.

сурет: tengrinews.kz

Е. Қайрахан