Гарет Бэйл "ең жылдам футболшы" атанды

Гарет Бэйл "ең жылдам футболшы" атанды

ФИФА-ның келісімімен мексикалық «Пачука» клубының алаңында әлемнің ең жылдам футболшысын анықтау сайысы өтті.

Желаяқ спортшылардың арасында «Реал Мадрид» футбол клубының жартылай қорғаушысы Гарет Бэйл – 36.9 км/с иемденсе, екінші орынды «Пачуки» командасының ойыншысы Юрген Дамм - 35.23 км/с жеңіп алған. Үздік үштікті ағылшындық «Манчестер Юнайтед» футбол командасынан Антонио Валенсия 35.1 км/с жылдамдықпен жүгіріп қорытындылады.

Жарысқа қатысқан басқа үміткерлердің көрсеткіші мынандай болды: Аарон Леннон («Тотенхэм») - 33.8 км/с, Криштиану Роналду («Реал Мадрид») - 33.6 км/сағ, Тео Уолкотт («Арсенал») - 32.7 км/сағ, Лионель Месси («Барселона») - 32.5 км/сағ, Уэйн руни («Манчестер Юнайтед») - 31.2 км/сағ, Франк Рибери («Бавария») - 30.7. км/сағ және Серхио Рамос («Реал Мадрид») - 30,6 км/сағ.

Сурет: football.fr

Оқи отырыңыз:

Гарет Бэйл Каканың үйінде тұратын болды

«Реал» скауттары қақпашы іздей бастады

"Реал" ойыншыларының лақап аттары

B. ZHAQSYMBET