Денис Тен - әлем чемпионатының қола жүлдегері! (видео)

Денис Тен - әлем чемпионатының қола жүлдегері! (видео)

Мәнерлеп сырғанаудан Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ел намысын қорғаған Денис Тен ерлер арасындағы жекелей сында қола жүлдеге ие болды. Ал еркін бағдарламада отандасымыз кіші алтын медальды жеңіп алды.

Қазақстандық спортшы кеше қысқа бағдарламада 85,89 ұпай жинаған болатын. Бүгін Денис Тен бар өнерін ортаға салды. Нәтижесінде 181.83 ұпай жинады. Қос бағдарлама қорытындысы бойынша жалпы ұпайы 267,72-ні құрады.  

Шанхайдағы әлем чемпионатында испаниялық мәнерлеп сырғанаушы Хавьер Фернандестің бағы жанды. Ол бірінші күнгі қысқа бағдарламада 92,74 ұпай жинаған болатын. Ал еркін бағдарламада Денистен небәрі 0,67 ұпайға аз жинады. Қос бағдарлама қорытындысы бойынша 273,9 ұпаймен алтыннан алқа тақты. Ал күміс жүлде Сочи Олимпиадасының чемпионы Юдзуру Ханюға бұйырды. Ол қос бағдарлама қорытындысы бойынша 271,08 ұпай жинады.

Айта кетейік, Денис Тен әлем чемпионатында алғаш рет жүлделі орыннан көрініп отырған жоқ. 2013 жылы Лондонда (Канада) өткен додада күміс жүлде еншілеген болатын. 

Сурет: vk.com

Ұқсас жазбалар

Шанхайда ел намысын Денис Тен ғана қорғайды

Денис Тен кім десеңіз...

Денис Тен өлең жазатынын айтты

Денис Тен Сеулдегі "Төрт құрлық турнирін" жеңіп шықты

Ө. Сансызбай