Денис Теннің қысқа бағдарламада көрсеткен өнері (видео)

Денис Теннің қысқа бағдарламада көрсеткен өнері (видео)

Мәнерлеп сырғанаудан Қытайдың Шанхай қаласында әлем чемпионаты өтіп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз. Ел намысын қорғап жатқан Денис Тен бірінші күнгі қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша үшінші орынға табан тіреген-ді. Отандасымыздың қысқа бағдарламадағы өнерін назарларыңызға ұсынамыз. 

Денис Тен үшін 2015 жыл сәтті басталды деп айтуға негіз бар. Ақпан айында Сеулде өткен "Төрт құрлық чемпионатында" жеңімпаз атанған болатын. Қысқа бағдарламада 97,61 ұпай жинаса, қоссайыс қорытындысында 289,46 ұпаймен алтыннан алқа таққан еді. Бұл көрсеткіш маусымның үздік нәтижесі болып тіркелген-ді. 

Шанхайдағы әлем чемпионатында Денис Тен қысқа бағдарлама бойынша 85,89 ұпай жинап, үшінші орынға тұрақтауда. Спортшылар еркін бағдарламадағы өнерін ертең ортаға салады. Тікелей эфирде «Қазақстан» ұлттық арнасы көрсететін болады. Басталуы - Астана уақытымен сағат 15:35-те.

Сурет: xihuashe.lofter.com

Ұқсас жазбалар 

Денис Тен қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша үшінші орында

Шанхайда ел намысын Денис Тен ғана қорғайды

Денис Тен кім десеңіз...

Денис Тен өлең жазатынын айтты

Денис Тен Сеулдегі "Төрт құрлық турнирін" жеңіп шықты

Ө. Сансызбай