Денис Тен қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша үшінші орында

О Сансызбай Корреспондент
Денис Тен қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша үшінші орында

Қытайдың Шанхай қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жылдың айтулы бәсекесінде ел намысын қорғап жатқан отандасымыз Денис Тен қысқа бағдарламаның қорытынды нәтижесі бойынша әзірге үшінші орында тұр.

БӨЛІСУ

Қазақстандық спортшыға жарысты бастар алдында ұйымдастырушылар тарапынан кеткен қателік те әсер еткендей. Басында Денис Тен дайындалған әуеннің орнына өзге әуен қойылып кетті. Мұны Денис күтпесе керек-ті, бірінші жаттығуда қателікке бой алдырып алды. Нәтижесінде Денис Тен қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша 85,89 ұпай жинады. Бұл нәтижемен отандасымыз үшінші орынға табан тіреп отыр.

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша бірінші орынға жапон мәнерлеп сырғанаушысы Юдзуру Ханю шықты. Оның көрсеткіші Денис Тендікінен 10,31 ұпайға озып тұр. Екінші орынға испандық спортшы Хавьер Фернандес (92,74 ұпай) орналасты.

Спортшылар еркін бағдарламадағы өнерін ертең ортаға салады. Тікелей эфирде «Қазақстан» ұлттық арнасы көрсететін болады. Басталуы - Астана уақытымен сағат 15:35-те.

Сурет: vk.com

Ұқсас жазбалар

Шанхайда ел намысын Денис Тен ғана қорғайды

Денис Тен кім десеңіз...

Денис Тен өлең жазатынын айтты

Денис Тен Сеулдегі "Төрт құрлық турнирін" жеңіп шықты