Чемпиондар лигасы. «Атлетико» мен «Монако» ширек финалға шықты (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Чемпиондар лигасы. «Атлетико» мен «Монако» ширек финалға шықты (видео)

Футболдан Еуропаның басты бәсекелерінің бірі – Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан тағы екі клуб анықталды. Лондондық «Арсенал» Монакода жеңіске жеткенмен, келесі кезеңге өте алмаса, мадридтік «Атлетико» өз алаңында «Байерді» пенальти сериясында жеңді.

БӨЛІСУ

«Арсенал» бесінші жыл ширек финалға шыға алмады

Арсен Венгер жаттықтыратын «Арсенал» сырт алаңда «Монаконы» 0:2 есебімен ұтқанымен, ширек финалға шыға алмады. Себебі, канонирлер өз алаңында 1:3 нәтижесімен ұтылып қалған болатын. Плей-офф кезеңінде түзде соғылған голдар зор маңызға ие.

«Арсенал» Монакода сәтті өнер көрсеткенмен, екі голдан артық соға алмады. Бірінші таймда Оливье Жиру есеп ашса, екінші таймда Аарон Рэмзи бір голдың авторы атанды. Бірақ, қонақтарды келесі кезеңге алып өтетін үшінші гол соғылмады. Яғни, алаң иелері мүмкіндік берген жоқ. Нәтижесінде «Монако» араға ұзақ уақыт салып Чемпиондар лигасының ширек финалына шығып отыр. Ал «Арсенал» болса бесінші маусым қатарынан жарысты 1/8 финалда аяқтап отыр.

«Монако» (Франция) – «Арсенал» (Лондон) – 0:2 (0:1). (бірінші ойын 3:1)
Монако. «Луи ІІ» алаң. Төреші: Свейн Моэн (Норвегия).
Голдар: Жиру 36 (0:1), Рэмси 79 (0:2).

«Монако» (Франция). Даниел Субашич, Фабиньо, Лейвин Кюрзава, Аймен Абденнур, Уоллас Сантос, Набиль Дирар 86 (Элдерсон), Жоау Моутинью, Жоффрей Кондогбиа, Жереми Тулалан, Димитар Бербатов 70 (Бернарду Силва), Антони Мартиаль 60 (Янник Карраско).

«Арсенал» (Англия). Давид Оспина, Начо Монреаль 83 (Киран Гиббс), Лоран Косельни, Пер Мертесакер, Эктор Бельерин, Месут Өзіл, Санти Касорла, Франсис Коклен 63 (Аарон Рэмси), Алексис Санчес, Дэнни Уэлбек 72 (Тео Уолкотт), Оливье Жиру.

 «Байер» «Атлетико» адуынын баса алмады

Бірінші ойында бір доп басымдығымен мадридтік «Атлетиконы» жеңген леверкузендік «Байер» қарымта кездесуді сәтсіз аяқтады. Бұл жолы бір доп басымдығымен алаң иелері жеңіске жетті. Қосымша уақытта да командалар нәтижені өзгерте алмады. Қорытындысында ширек финал жолдамасы ойын соңындағы пенальти сериясында шешілді.

Айта кетейік, Диего Симоене шәкірттеріне жеңіс сыйлаған голды Марио Суарес соқты. Пенальти сериясында екі клубтан да негізгі құрамның көптеген ойыншылары қателесіп, нәтижесінде мадридтік ұжым 3:2 есебімен жеңіске жетті. Сонымен қатар, «Атлетико» еурокубок додасындағы өз тарихында алғаш рет пенальти сериясында жеңіске жетті.

«Атлетико» (Испания) – «Байер» (Германия) – 1:0 (1:0). пенальти: 3:2. (бірінші ойын 0:1)
Мадрид. «Висенте Кальдерон» алаңы. Төреші: Никола Риццоли (Италия).
Гол: Марио Суарес 27 (1:0).
Ескерту алды: Хименес 30, Гамес 72, Суарес 75, Торрес 110 – Спахич 26, Топрак 65, Чалханголу 78, Венделл 89, Кисслинг 102, Пападопулос 112

«Атлетико» (Испания). Мигель Мойя 23 (Ян Облак), Хесус Гамес, Хуанфран, Миранда, Хосе Мария Хименес, Марио Суарес, Коке, Антуан Гризманн, Арда Туран, Кани 46 (Рауль Гарсия), Марио Манджукич 83 (Фернандо Торрес).

«Байер» (Германия). Бернд Лено, Эмир Спахич, Роберто Хильберт, Венделл, Эмер Топрак, Ларс Бендер 104 (Кирьякос Папдопулос), Хакан Чалханоглу, Гонсало Кастро, Карим Белльараби, Сон Хын Мин 77 (Симон Рольфес), Йосип Дрмич 69 (Штефан Кисслинг).

Cурет: vk.com

Оқи отырыңыз

Футболдағы ХХІ ғасырдың ең үздік покер орындаушылары (видео)

"Барселона" футболшыларының жалақылары қанша?

«Барселона» ойыншылары футболдан өзге қандай кәсіппен айналысады?

«Реалдың» Ди Марияны сатуының бір себебі айтылды